Елімізде студенттердің жатақхана проблемасын енді кәсіпкерлер шешіп беретін болады

tengrynews.kz
tengrynews.kz
Биыл жаңа 7 мың орын пайдалануға беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы инвесторларға жүктеледі. Бұл бағдарлама мемлекеттік жекеменшік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылмақ деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қаржы орталығының» жасаған жобасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында, әр төсек орын үшін жатақхананы салушыға 308 мың теңге төленсе, ғимаратты қайта жаңғыртуға 119 мың теңге қарастырылмақ. Төлем кезеңі 8 жылды құрайды

«Инвесторлар жатақхананы мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салады. Ал, мемлекет тартылған қаржыны сегіз жыл ішінде әр төсек-орынға 122 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарады. Инвесторға қойылатын талап: 20 жыл көлемінде нысанның мақсатты пайдаланылуын өзгертпеуі тиіс. Одан кейін өз пайдасына пайдалануға құқығы бар», - дейді «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар ИБРАИМОВ.

Осылайша жыл соңына дейін барша жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін 7 мың төсек-орын пайдалануға беріледі. Олардың дені Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда мен Тараз қаласында. Қазір 47 жобаның жиырмасы мақұлданды.

Новости партнеров