|
18.06.2024 | 18:32
198

Мұхаммед Дулати-525: Алматыда республикалық симпозиум өтті

Іс-шарада ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Мұхаммед Дулати-525: Алматыда республикалық симпозиум өтті Almaty.tv

Алматыда әйгілі тарихшы, ұлы ойшыл Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдық мерейтойы аясында республикалық жиын өтті. Іс-шарада «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы жайлы ой-пікір айтылып, ғылыми іргелі зерттеулерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық симпозиумның мақсаты – Мұхаммед Хайдар Дулатидің түркі ойшылы ретіндегі діни-философиялық және ғылымдағы танымды қөзқарасын талқылау арқылы заман талабына сай пікірді талдау. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы әділеттілік қағидатын орнықтыру мен насихаттаудың тарихи және идеялық бастауын анықтау.

– Бұл дөңгелек үстел елімізде аталып отырған бірнеше мерекелік шараның ұлттық симпозиумы аясында өткізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – ортағасырлық ұлы ойшылдың еліміздің мәдениет, дүниетаным тарихында алар орнын айшықтап көрсету, – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік ғалымдар аты жаман ауруды емдейтін шөп тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир