Он екі мыңнан астам алматылық тегін үйірмелерге қатысып жатыр. Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған 100 демалыс орталығында вокал, би, шахмат, дзюдо, қолөнер сынды 260-тан астам секция жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алмалы ауданында өткен Jas Fest фестиваліне 2500-ге жуық адам қатысып, келушілер үйірмелерге жазылуға мүмкіндік алды. Іс-шара жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағытталған. Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтары мен демалыс орталықтарының жәрмеңкесі өтті.
– Республикалық деңгейде орын алып жүрген жастар бар. 500-ден астам жас жүлделі орын алды. Оның ішінде үшеуі спорт саласында халықаралық жетістікке жетті. Әлем чемпионатына қатысып, бағытын тауып жатқан жастар да бар, – деді Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Қажденбек.
Оқи отырыңыз: Елімізде 5G технологиясы қашан енгізіледі