Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтеріле ме

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазақстан бойынша 250 мыңнан аса бала кезекте тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балабақшалар мен мектеп мұғалімдерінің айлығында жер мен көктей айырмашылық бар. «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі аз жалақы алады» дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері. Жауапты ведомства аталған мамандардың жалақысын көтеру үшін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мектепке дейінгі ұйымда күні бойы жұмыс істейтін 2 педагог сынақтан өтті. Соның нәтижесінде педагогтардың айлық табысын көтеру үшін түрлі нұсқа  қарастырылып, оған қажетті қаражат есептелген болатын. Сондықтан да бұл мәселе шешіліп жатыр», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова.

Қазақстанда соңғы 4 жылда балабақша кезегінде тұрғандар саны 2 есеге азайыпты. Қазір ел аумағында 1 миллионнан астам бала мектепке дейінгі мекемелерге барып жүр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпарына сай, қазір 11 мың 104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 90 пайыз, ал 3 жастан 6 жасқа дейін бүлдіршіндер 98,3 пайыз балабақшаға орналастырған. Қазақстан бойынша 250 мыңнан аса бала кезекте тұр. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу бағытында алдағы 3 жылда 223 мыңға жуық орынмен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Кезекті азайтуға жұмыс жасау үшін әрбір балаға қаржысымен бірге трансферттер беріліп отыр. Ол алдағы 3 жылға бөлінген», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова.

Новости партнеров