Қазақстан мен Оңтүстік Корея педагогтары арт-менеджментті дамытуды қолға алмақ

Almaty.tv
Almaty.tv
Мамандар туристік саланы, көрме мен сән индустриясын жетілдіруге мән береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Оңтүстік Корея педагогтары арт-менеджментті дамытуды қолға алмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін корей елінің мамандары отандық ұстаздармен бірлесіп жұмыс істеп, өз тәжірибелерін бөліспек. Мамандар жасанды интеллектіні пайдаланып, туристік саланы, көрме мен сән индустриясын жетілдіруге мән береді. Сондай-ақ жас буынға смартфондармен оқылатын корейлік цифрлық комикстер, яғни вебтундарды ұйымдастыруды кеңінен түсіндіреді.

«Мұнда келуіміздің басты себебі – екі ел арасындағы мәдениет пен өнерді дамыту, әсіресе сурет өнері жағынан жастарға көмектесу. Қазір адамдар музейлерге көп бармайды. Оны шешу үшін түрлі форматтағы заманауи технологияларды пайдаланып, жұртты өнерге баулуды көздейміз», – деді Кореяның Манхва вебтун академиясының бас директоры Кейт Ким.

Новости партнеров