Алматыда 261 мыңнан астам оқушы мектепке барды

11.09.2019 23:41

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 000 балаға көп

tengrinews.kz

 Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова хабарлады.

«Ағымдағы оқу жылында Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан» елді мекеніндегі 600 орынды мектеп пен Әуезов ауданындағы «Мамыр» елді мекеніндегі 1200 орынды мектептің құрылыстарын аяқтау жоспарланған», – деп атап өтті Гүлнар Қожабергенова.

Сонымен қатар, ол Алматыда үш ауысыммен оқытылатын мектептің жоқ екенін де айтты.

Теги: ученики