|
28.07.2023 | 18:45
2101

Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау қашан аяқталады

Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады

Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау қашан аяқталады Almaty.tv

Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Егер 2021-2022 оқу жылында Алматы қаласында бірінші сыныпқа 31 046 бала түссе, 2022-2023 оқу жылында – 32 938 бала. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.

Айта кетейік, білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және осы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.

Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Әрі балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3х4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Қабылдау жасы – 6 жастан бастап.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдауда барлық қосымша сұрақ бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуға болады:

Алатау ауданы: +77089705042

Алмалы ауданы: +77021000777; +77474129383

Әуезов ауданы: +77021000777; +77474129383

Бостандық ауданы: +7772806650; 87773001474

Жетісу ауданы: +77026738333; +77016606554

Медеу ауданы: +77017839483; +77759194000

Наурызбай ауданы: +77782273301; +77021966805

Түрксіб ауданы: +77778270580; +77016154978

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап оқушылар мектеп асханаларында тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл тізімге 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сынып оқушылар кіреді. Бұған дейін мұндай жағдай әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларына ғана жасалған болатын.

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін  2022 жылы 16 193 орындық 18 білім беру нысаны іске қосылды. 2023 жылдан бастап «Жайлы мектеп» жобасы бойынша республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланған. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы 5570 орындық 11 нысанды, оның ішінде 1500 орындық 1 мектепті (Қайрат ш/а.), 920 орындық 4 қосымша құрылыс (№48, 148, 112, №9 МИ), 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу көзделген. Осылайша, 2026 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығы жыл сайынғы өсімді ескере отырып, қажетті деңгейге дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир