|
14.12.2022 | 18:46
4306

Алматылық мектеп оқушылары «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарына қосылды

Пандемия аяқталғаннан кейін бұл «Жас қырандықтардың» алғашқы салтанатты жиыны

Алматылық мектеп оқушылары «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарына қосылды Almaty.tv.

ҚРТәуелсіздік күні қарсаңында N87 орта мектеп оқушыларының еліміздің бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қосылуына орай салтанатты сап түзеу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 1-сыныптағы 215 оқушының антын қабылдап, бүгіннен бастап Қазақстандағы барша мектеп оқушыларының басын біріктіретін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының символикасын тақты. Қалықтаған қыран бейнеленген көк белгі, аспан және мемлекеттік ту түстес галстук, демек символикаға лайықты құрметпен қарау керек.

Пандемия аяқталғаннан кейін бұл «Жас қырандықтардың» алғашқы салтанатты жиыны. Ұйым өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, толеранттылық, демократиялық және өзара түсіністік мәдениеті қағидаттары негізінде отансүйгіштікке тәрбиелейді.

«Ұйым Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін білу негізінде рухани әлеуетті қалыптастыруға жауапты, оқушылардың қоғамдық белсенділігін, танымдық белсенділігін арттыру, балалардың шығармашылығы мен әлеуметтік бастамаларын дамытумен айналысады. Мектеп өміріндегі ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге жауапты. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер ұйымдары мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікте алғашқы қадамдар жасап жатыр», - дейді N87 орта мектеп директоры Ұлар Мылтықбаева.

Ұйым қызметінің қорытындысы жыл сайын шығарылады, мектептің үздік жас ұландықтары жалпы мектептік, облыстық, республикалық «Жас Ұлан» кеңесіне мүше бола алады. Оқу жылының соңында үздік бірлестікке «Үздік топ» атағы мен дипломы, сонымен қатар Қазақстанның тарихи жерлеріне саяхат немесе жазғы сауықтыру лагеріне жолдама беріледі. Оқуда және қоғамдық жұмыста ерекше жетістіктерге жеткен мектеп оқушылары «Жас Ұлан» алтын кітабына енеді. Ең белсенділер көрнекті қоғам және саяси қайраткерлермен кездесуге, тренингтерге, семинарларға және елдегі ең жақсы лагерьлерде көшбасшылық сабаққа қатысуға мүмкіндік алады.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2011 жылы құрылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир