Алматылық ғалымдар топырақ құнарлығын арттыру үшін бірегей жоба ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірнеше сараптамадан өткен әдіс қазір еліміздегі 2 мыңнан астам шаруа қожалығы мен жылыжайда қолданыста. Оның ерекешілгі сол - жер құнарлығын сақтау және сапасын арттыру. Әдіс табиғи жолмен жүргізіледі екен. Ғалымдар әзірге бұл пилоттық жоба деп отыр. Енді мемлекеттен қолдау тапса, толық қолданысқа енгізілмек. Алайда ауылшаруашылық саласының ғалымдары бұл бағытта аса алаңдаулы. Себебі, қазір еліміздегі жердің басым бөлігі эрозияға ұшыраған дейді.
«Жер - өзіне дауылды, сулы табиғаттан кейін эрозияға ұшыраған. Су сіңбей қалған дәрежеге жеткен. Жер қатты күйреген. Осы ретте қолға алған бұл пилоттық жоба тиімді, пайдасы орасан деп айтуымызға болады», – деді ҚР Вермифермерлер кооперативтерін дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Әсембеков
Сондай-ақ агротехнология саласындағы ғалымдар мемлекет тарапынан берілген грант аясында бірнеше ғылыми жоба дайындап жатыр. Оны тәжірибе негізінде іске асырып та жүр. Бұл әдістемелердің басым бөлігін ауылдық жерде қолдануды жоспарламақ. Себебі, ел Президенті баяндамасында ауылды қолдау үшін агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды енгізу керегін айтқан.
«Мысалы біздің бір жобамыз, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл майбұршақ соя өсіру технологиясы. Бұл өнімділігін бірден арттырмаса да, тұрақтылықты сақтап қалады. Оның пайдалы не зиянды қасиеті көрсеткіштері төмен болуы», – деді Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Исламов.