|
23.09.2022 | 18:52
932

Елімізде қай сыныпта ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейтіледі

Мектептердегі оқу бағдарламасы жаңартылады

Елімізде қай сыныпта ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейтіледі inform.kz

Енді 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейтіледі. Ол үшін мектептердегі оқу бағдарламасы жаңартылып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән берілмек. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Асхат Аймағамбетовтің ақпарынша, 2024 жылдан бастап ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқыталады. Мұнымен қоса, қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету көзделмек.

«Біз 2024 жылдан бастап үшінші сыныпта қазіргі уақытта 3-сыныпта 2 сағат болатын болса, біз үшінші сыныпта 3 сабаққа дейін көбейтеміз. Сәйкесінше, бұл әртүрлі халықаралық талаптарға сай болады. 10-11-сыныптарда ағылшын тілі қазіргі 5 күндік сабақ кестесінде 3 күн сабақ болса,  ендігіде күнде болатын болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир