|
23.09.2022 | 18:56
4648

Алматыда ерекше балалардың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өткізіледі

Ойын жеңімпаздары халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разрядтар ала алады

Алматыда ерекше балалардың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өткізіледі 24.kz

Алматыда 310 ерекше баланың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және Алматы қаласының орталық стадионында 2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында спорттың 6 түрі бойынша өтеді.

Онда  «шағын футбол», «үстел теннисі», «жеңіл атлетика», «голбол», «бочча», «бес тас» және «асық ату» ұлттық ойындары қамтылады. Қатысушылар саны 310 бала.

«Жұлдызай» ойындары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ҚР 2022 жылғы спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына» енді. 

Ойын жеңімпаздары халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разрядтар ала алады.

Биылдан бастап «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарына айналған «Жұлдызай» спартакиадасы еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын жалғыз кәсіби спорттық жарыстар болып табылады. «Жұлдызай» корпоративтік қоры көп жылдар бойы ерекше балалардың өмірін жақсартуға, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық, спорттық, медициналық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға интеграциялау, инклюзивті спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымды құру және нығайту біздің жастар үшін инклюзивті ойындарды өткізудің негізгі мақсаттары болып табылады.

«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының бас серіктестері болып BI Group Құрылыс холдингі мен "Самұрық-Қазына" қоры табылады. Инклюзивті ойындарды өткізуге ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының спорт басқармасы, "Sport qory" қоры, өңірлердің әкімдіктері мен спорт түрлері бойынша федерациялар қолдау көрсетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир