Келісім басылымдар мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайтады
Алматыда балалар баспалары мен қаладағы №168 мектеп-гимназиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, депхабарлайды Almaty.tv.
Мұндай серіктестіктің басты артықшылықтарының бірі – жасөспірімдердің қызығушылығы мен қажеттілігіне бағытталған материалдарды бірлесіп әзірлеу және шығару мүмкіндігі. Бұл басылымдар мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жас ұрпақтың сыни ойлауын дамытып, мәдени тәжірибесін байытуға септігін тигізеді. Бастама «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасының аясында жүзеге асып отыр.
– Мектепте мұғалім оқы деп белгілеп қолына ұстатып, соның мазмұнын сұрап, мазмұндама жаздырып отырмаса, баланың оқуы қиын. Қайтсек балаларға кітап оқытамыз? Осы мәселе бойынша 1-2 айдан бері үлкен жұмыстар өткізіліп жатыр, – деді «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов.
Оқи отырыңыз: Медеу ауданында көпбалалы отбасыларға балабақшаға тегін сертификат табысталды