Жүлде қоры 100 мың теңге
«Табысқа жетудің негізгі рецепті қандай?» Бұл – үгін «Достық үйінде» өткен пікірсайыс турнирінде талқыға түскен сұрақ. Қалалық қоғамдық даму басқармасы жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен қос университет студенттері арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жүлде қоры 100 мың теңге болатын жарысқа 2 сағат уақыт берілді. Арнайы шақыртылған қонақтар тізімінде «Аруназ» ательесінің негізін қалаушы Назым Қарпықова және бірінші санатты нейрохирург-дәрігер Марат Саршаев бар. Олар студенттермен өз тәжірибесін бөлісіп, табыстың кілтін табуда жол көрсетуге тырысты.
«Аталмыш іс-шара дебат концепциясы бойынша өткізіледі. Яғни, бұл іс-шараға 2 университеттің 2 топ командасы шақырылып, бақ сынайтын болады. Жалпы, бұл іс-шараның концепциясы негізгі – тұлғалық даму, яғни «Бақыттың кілті не?» деген сұрақты қоятын болады өз-өздеріне», – деді пікірсайыс ұйымдастырушысы Инсар Қанатұлы.