Түркістан облысының оқушысы әлемнің 21 университетінен шақырту алды

03.11.2023 00:04

Шапағат Сейілхан ағылшын тілін 6-сыныптан бастап оқыған

Almaty.tv

Түркістан облысының 11-сынып оқушысы әлемнің 21 университетінен шақырту алды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Шапағат Сейілхан ағылшын тілін 6-сыныптан бастап оқыған. Ал IELTS тестіне 10 сыныптан дайындалған. Осы сынақтан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген ол тек Америкада емес, әлем бойынша алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндік алды. 

– Мен тек Калифорния мен Чикаго, University of Chicago and California state university екеуінің біреуін таңдайын деп жатырмын. Себебі University of Chicago-ның тек АҚШ-та емес, әлем бойынша рейтингі алғашқы орында тұр, – деді 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілхан.

Шетелде оқуды мақсат еткен Шапағат бұл іске ерекше жауапкершілікпен қарағанын айтты. Оқушының осындай көрсеткішке қол жеткізуіне себеп болған жан – ұстазы Дина Темірханқызы.

– Екі рет тапсырдық. Өте қуандым. Өйткені, көп оқушылар қиналатын skill екен, – деді ағылшын пәнінің мұғалімі Дина Темірханқызы.

Айта кетейік, Шапағат Сейілханның болашақ мамандығы халықаралық қатынастар саласымен байланысты. Болашақ дипломат шетелде білім алып келген соң, елге аянбай қызмет етуді көздеп отыр.

Назерке Үкібасова, Елдар Жүнісқанов, «Алматы» телеарнасы, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз: Алматыда 1500 орындық мектептің құрылысы басталды