Тұран университеті туризм ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына биыл 10 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл – еліміздегі туризм саласындағы жалғыз зерттеу құрылымы. Осы уақыт аралығында саланың қарыштап дамуына зор үлес қосып, кадрлық даярлық, зерттеу жұмыстары, халықаралық қатынастарды реттеумен айналысады. Айтулы датаға орай ұйымдастырылған бүгінгі дөңгелек үстелде инситуттың жеткен жетістіктері, еңсерген қиындықтары мен алдағы жоспарлары талқыланды.
«Алда университетіміздің отыз жылдығы келе жатыр. Осыған орай ғылыми-зерттеу институттың осы уақытқа дейінгі жұмысын жүйелеп көрсеттік. Сондай-ақ қазір туризм ғылыми-зерттеу инситутын мемлекеттік деңгейде құру мәселесін көтеріп жатырмыз. Осыған байланысты әріптестерімізбен түрлі мәселелер талқыланды», - дейді «Тұран» университеті туризм ҒЗИ директоры Владимир Вуколов.