Кітап - білім бұлағы: Алматыда қалалық жарыс өтіп жатыр
Almaty.tv
Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кітап – білім бұлағы» атты қалалық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда оқушылар үш бағыт, яғни театрландырылған қойылым қою, кадрда оқу, поэтикалық баттл бойынша бақ сынасады. Мәселен, театр бағытында бастауыш сынып оқушылары ертегілерді сахналайды. Басты талапқа сай қойылым балаларға жақсы ой салатын, тағылымы мол болуы керек.
«Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйретіп, олардың кітап оқуға деген ынтасын ояту. Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады. Байқау мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұрады», деді №129 ЖББ мектеп директорының орынбасары Сурия Даутова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34