Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді
Енді ЖОО-ларға жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша жеке лицензия алу міндетті болады», - деді министр.
Сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиада, халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорттық жарыс жеңімпаздарына ЖОО-да тегін білім алуға грант беріледі.
Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни, бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық негізінде оқытылады.