Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың, ал магистранттар шамамен 76 мың теңге стипендия алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Айтуынша, 2025 жылға дейін шәкіртақы мөлшері жыл сайын арта береді. Сонымен қатар министр 2025 жылға дейін гранттар саны да ұлғайып, 75 мың орынға жетеді деді. Биылдың өзінде гранттар саны 5 мың орынға көбейеді. Яғни егер жыл сайын бакалавриатқа 51 мың грант қарастырылса, осы жылы 56 мың орын болады.

«Докторантура бойынша да осындай өзгерістер бар. Жалпы соңғы 1 жарым жыл ішінде докторанттардың стипендиясы 82 пайызға өсті. Бірақ соған қарамастан олар қыркүйектен бастап қазіргідей 150 мың теңге емес, 172 мың теңге алады деп жоспарлануда», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Новости партнеров