Алматыдағы халықаралық «Мирас» мектебіне 20 жыл

открытые истиочники
открытые истиочники
Бақытжан Сағынтаев ұжымды мейрамымен құттықтап, мұндай халықаралық деңгейдегі мектеп өзгелерге үлгі болатынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім ошағы айтулы датаны ауқымды түрде тойлады. Мерекелік шараға Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоғамдық Қорының директоры  Динара Құлыбаева, Біріккен ұлттар ұйымы мен ЮНЕСКО өкілдері, сондай-ақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәртебелі меймандар алдымен мектеп ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Содан кейін арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады. Шарада сөз алған қала басшысы Бақытжан Сағынтаев ұжымды мейраммен құттықтап, мұндай халықаралық деңгейдегі мектеп өзгелерге үлгі болатынын айтты.  

«Мирас мектебі бір отбасы секілді. Білім ошағынан түлеп ұшқан оқушылар бүгінде әлемнің түпкір-түпкіріндегі жоғарғы оқу орынбарында білім алып жатыр. Жалынды жастарды тәрбиелеп шығарған қара шаңырақ өзгелерге де үлгі. Дәлел ретінде айтайын, өткен аптада қаламызда Инвест форум өтті. Сонда жиыннан кейін маған шетелдік инвесторлар келіп, бізге қаладан жер берсеңіз, біз осы Мирас секілді халықаралық мектеп салғымыз келеді деген еді. Сондықтан осы қалыптарыңыздан таймай, әрі қарай өсе беріңіздер», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.


Новости партнеров