|
15.01.2020 | 19:31
5155

Биыл Алматыда 10 кітапхана модернизацияланады - Бақытжан Сағынтаев

Көп ұзамай модернизациялаудан өткен бес кітапхана есіктерін айқара ашатын болады

 Биыл Алматыда 10 кітапхана модернизацияланады - Бақытжан Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы кітапханалар желісінің қалыпқа келтірілу барысымен танысты. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Кітапханалар кітаптар сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық кеңістіктердің бірі болуда. Оған мысал Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы, модернизациялаудан өткен соң ол ежелгі кітаптар мен электронды кітаптарды оқитын заманауи орталыққа айналды. Мұнда күн сайын бес жүзден бір жарым мыңға дейін оқырман болады, олар негізінен 14-29 жастағы келушілер», - дейді ол.

Таяу арада модернизациялаудан өткен бес кітапхана есіктерін айқара ашатын болады, олар: №15 (Земнухова көшесі, 44), №20 (Шәріпов көшесі, 66), №24 (Айнабұлақ-3 ықшамауданы, 174 үй), №32 (Достық даңғылы, 42Б), №33 (Төле би көшесі, 160) кітапханалар.

«Интернетке еркін қолжеткізу, мол кітап қоры сапалы білім алуға немесе жайлы жағдайларда диплом немесе диссертация жазуға мүмкіндік береді. Заманауи кітап орталықтары тақырыптық кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізетін орындарға айналады», - деді шаһар басшысы.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир