|
22.06.2022 | 19:58
31796

НЗМ: Нұр-Сұлтанда грантқа ілінбей қалған оқушылардың ата-анасы наразылық білдіріді

Олардың айтуынша, талапкерлер шекті балл алса да тегін оқу мүмкіндігі берілмей отыр

НЗМ: Нұр-Сұлтанда грантқа ілінбей қалған оқушылардың ата-анасы наразылық білдіріді Almaty.tv

Нұр-Сұлтанда Назарбаев зияткерлік мектебінің грантын иеленбей қалған оқушылардың ата-анасы наразылық білдіріді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың айтуынша, талапкерлер шекті балл алса да тегін оқу мүмкіндігі берілмей отыр. Ал білім ордасының басшылығы грант сыныптардағы оқушы санына сай үлестірілгендігін алға тартады.

Айжан Төрегетайдың тұңғышы – гранттан шеттетіліп қалғандардың бірі. Ұлы НЗМ-ге түсу үшін екі жыл жар құлағы жастыққа тимей дайындалыпты. Тестілеуде баласы шекті баллдан асырып жинаса да гранттар тізімінен табылмаған.

«Біз балаларымызға әділдік іздеп келіп тұрмыз. Екі жылдан бергі дайындалған олар өтіп тұрып, өтпей қалды. Оны естіген балалары 2 күн үйден шықпай қойған. Балалар жылында балаларымызды қалай қорғаймыз», – деді қала тұрғыны Айжан Төрегетай.

«Өркен» білім грантын бөлудегі өзгерісті ата-аналар да түсінбей дал. НЗМ өкілдерінің айтуынша, тағайындалған грант сыныптың сыйымдылығына байланысты. Яғни топтағы бала санына сай беріледі-мыс. Ал тағы бір мәселе қазақ тобына берілген грант саны да қысқарып қалғанын айтады.

«НЗМ-ге оқушыларды іріктеу 7-сыныптан бастап басталады. Іріктеу үкімет қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Комиссия «Өркен» грантын тағайындау барысында бірнеше көрсеткіштерге назар аударады. Біріншіден, мектептің сыйымдылығына қарайды. Биылғы оқу жылында қанша 12 сыныптың түлектері болды, 8-9-10-11 сынып ішінен қанша бала грантты босатып оқудан шықты, сол орындар есептеледі», – деді НЗМ ДБҰ департамент менеджері Жанар Жаманқұлова.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша НЗМ-ге түссем деген арманмен 24 045 үміткер-оқушы тестілеуге қатысқан. Өткізілген сынақ қорытындысы бойынша 10 452 үміткерге «Өркен» білім беру грантын тағайындауға ұсынылады. Алайда арнайы комиссия тек 2 728 балаға тегін оқу мүмкіндігін берген екен.

Тестілеуден жоғары бал жинаған 7 724 үміткер «резервтік тізімге» енгізілді. Оқудан үмітті олар орын босай қалғанда ғана қабылданады. Ал оған дейін олардың жағдайы белгісіз. Тізімнен орын босағанын күткеннен басқа амал жоқ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир