Ел мектептеріндегі әжетхана мәселесі қалай шешіледі

14.01.2023 00:51

Ғани Бейсембаевтың ақпарынша, бейнебақылау камераларының жағдайы сын көтермейді

azh.kz

Ел мектептеріндегі әжетхана мәселесі әлі күнге өзекті. Қазіргі таңда 30-дан астам білім ошағында дәретхана аты бар да, заты жоқ. Далада орналасқаны өз алдына, қауіпсіздік жағдайы мүлде қарастырылмаған. Саладағы бас ауыртқан жағдай алқа отырысында айтылды., деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ақпарынша, оқушы қауіпсіздігін тікелей қадағалайтын бейнебақылау камераларының жағдайы сын көтермейді. Алдағы оқу жылында әжетхана түйткілін толығымен шешу көзделіп отыр. Министр жоспарлы жұмыстың жүйелі іске асырылуын қадағалайтынын айтты.  

«Қазіргі таңда балалардың білім мен тәрбиесі ғана емес, қауіпсіздік мәселесі де министрлік тарапынан алаңдатарлық нәрсе. Бұған дейін бірқатар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Қазір сырттағы әжетханаларды ішке ауыстыру процесі жүріп жатыр. Осыдан үш жылғы көрсеткіш бойынша 30-ға жуық әжетхана қалып отыр», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.