|
13.01.2021 | 19:57
1753

Алматыда 11 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралды

9, 11-сынып оқушылары

Алматыда 11 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралды

Үшінші тоқсан өңірдегі бірқатар білім ордаларында дәстүрлі форматтта басталды. Алматыда 9, 11-сыныпта оқитын 11 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралды. Жарты жыл қашықтан білім алып келген оқушылардың көңіл-күйін Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын біліп келді.

Енді қаладағы мектеп оқушылары білім алып қана қоймай, қатаң санитарлық талапты сақтауы тиіс. Ең әуелі мектепке келген оқушының дене қызуы өлшенеді. Одан соң оларға маска тағу міндетті. Арақашықтық белгілері мектептің ішінде де көрсетілген. Оқушылардың топтасып жүрмеуін кезекші мұғалімдер қадағалайды. Нысанның ішінде бір жақты қозғалыс белгілері де бар.

Балалардың байланысын мейлінше азайту үшін қоңырау әр топқа әртүрлі соғылады.  

Бітіруші сыныптар үшін алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы енді басталғандай. Бірнеше ай бойы қашықтан білім алған оқушылар бүгін сүйікті мектебімен, аяулы ұстаздарымен және сыныптас достарымен қауышып, мәре-сәре. Десе де мектептерде бұрынғыдай еркіндік жоқ. Бір сыныпта 15 оқушыдан артық бала болмауы тиіс.

Қаладағы №84 мектепте 815 оқушы бар. Мұнда оқушыларға сабақтың  70%-ы дәстүрлі, ал 30%-ы онлайн оқытылады. 11-сынып оқушысы Жәния Әбдібәкиева да бұл күнді асыға күткенін айтады.

«Онлайн түрде оқығын кезде бізге мұғалімдер жақсы сабақ берді. Сонда да біз өз денсаулығымызға алаңдадық. ҰБТ-ға дайындық кезінде мұғалімдерімізбен дайындалуға мүмкіндік алып отырмыз. Сыныптастарымызбен кездескеніміз үшін қуаныштымыз», – деді оқушы Жәния Әбдібәкиева.

«ҰБТ тапсыратын оқушыларға мектепке келіп оқыған ыңғайлы. Мұғалімдермен сабақты өткен кезде біз еркін өзіміз, түсінбеген тақырыбымызды сұрай аламыз», – деді оқушы Бағдат Обылбек.

КВИ-ден сақтанудың амалдары мектепте де балаларға түрлі көрнекілікпен көрсетілген. Әзірге білім ордаларында жиналыстар өткізілмейді, асханалар да жабық. Сабақ уақыты ұзақ дегенде 4 сағатқа созылады.

«9 сыныптарда 73 оқушы бар, соның 64 келіп отыр. 11 сыныптарда 42 оқушының 37-сі келіп отыр. Қалған ата-аналардың өз еркімен жазған өтініштеріне сәйкес, олар үйден онлайн оқып жатыр. Оқушысыз ұстаз тұл дейді. Ұстаздар қуанышпен қарсы алады, сағынышпенен балаларын», – деді  № 84 жалпы білім беретін мектеп директоры Союзхан Молдасанова.

Қалалық білім басқармасының мәлімдеуінше, қала мектептерінде бастауышта оқитын 15 553 бала кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Олар оқуын 3-тоқсанда да жалғастыра береді. Ал, 11 қаңтардан бастап, 9-11-сыныптағы  11 221 оқушы дәстүрлі форматқа ауысты.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуыов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир