«Тұран» университетінде кәсіпкерлік идеялар фестивалі өтуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Фестивальға қатысушы жастар 5 күн бойы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіп бастаймын деген студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. «Тұран» университетінде кәсіпкерлік идеялар фестивалі өтіп жатыр. Мақсат – Алматы қаласындағы белсенді, кәсіпке икемі бар студенттерді іріктеу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Фестивальге қатысушы жастар  5 күн бойы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады. Шеберлік сағатында олар бизнес-жоспар жазу, бизнес-стратегияны әзірлеу және клиенттермен жұмыс істеу тәсілдерін білікті мамандардан үйренеді. Содан соң, бірлескен топ аясында бизнес жобаларын ұсынып, ары қарай дамытуларына мүмкіндіктері бар. Бүгінде Алматы қаласында 40 жоғарғы оқу орнында 120 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Кәсіпкерлік жобаға барлық жастардың қатысуына болады. Жастар үшін пайдалы жоба 14 ақпанға дейін жалғасады.

«Болашақ түлектер 1-2 жылда оқуды тәмамдаған соң, өз мамандығы бойынша кәсіптерін ашады деген сенімдіміз, сондықтан қазіргі жастармен қоян-қолтық тығыз жұмыс жасауымыздың себебі де осы», – деді қалалық кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ.

«Біз тобымызбен «Омовал» деген жобамызыды ұсынып жатырмыз. Ол португал тілінен аударғанда ерікті жұмысшы деген мағынаны білдіреді. Егерде сіз өзіңізге мерекелік кештерге ерікті іздесеңіз, біздің сайттан еріктілер таба аласыздар және біздің құрамға ерікті болып тіркеле аласыздар», – деді жобаға қатысушы Лаула ӨРЕП.

Новости партнеров