|
16.10.2020 | 20:15
5847

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті

Ондағы мақсат – жемқорлыққа қарсы жоспарды әзірлеу және оны бекіту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті Almaty.tv

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ондағы мақсат – жемқорлыққа қарсы жоспарды әзірлеу және оны бекіту. "Саналы ұрпақ" республикалық жобасы Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларын орындау аясында әзірленген. Жоспарға есеп беру тетіктерін енгізу, бүкіл оқу процесін цифрлық технологияларға көшіру, салауатты әлеуметтік ортаны қалыптастыру кіреді.

«Бүгінгі шараның басты мақсаты - ең алдымен жоспарды талқылау. Бұл жоспар мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында атап өткен қағидаттар аясында құрылды. Басты назар біздің жоғары оқу орындарының ашық жұмыс істеуіне аударылды. Алматы еліміздің ең үлкен қалаларының бірі екені барлығымзға мәлім. Мегаполисте 150 мыңнан аса студент білім алуда», – деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир