Механизмдер мен машинатану: Алматыда VII халықаралық конференция өтті

29.08.2024 01:32

Форумда 19 елдің ғалымдары бас қосты

Almaty.tv

Алматыда «Азиялық механизмдер мен машинатану» атты дәстүрлі халықаралық VII конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азия елдері арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған форумда 19 елдің ғалымдары бас қосты. Бұл – дүниежүзі зерттеушілеріне, инженерлері мен студенттеріне механизмдер мен машина жасау ғылымының кез келген аспектілері бойынша соңғы әзірлемелері мен жаңа ақпараттарын ұсынуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін таптырмас алаң.

– Бұл – халықаралық ұйым 2050-ге жуық елді біріктіреді. Төрт жылда 1 рет конгресс өткізіледі, екі жылда 1 рет ғалымдар конференцияда бас қоасыды. Дөңгелек үстел аясында көптеген мәселе қозғалады. Сонымен қатар Қытай технологияларын қолдану арқылы роботтың интеллектін дамытып, адаммен коллаборация жасау жоспарда бар, – деді Ө. А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры Амандық Төлешов.

– Бұл – Азияда болып жатқан ең үлкен форум. Біздің басты мақсатымыз – жас ғалымдардың басын қосу. Олармен тәжірибе алмасып, бірлесе атқарған жұмысының нәтижесін көрсек дейміз. Болашақта экологияға зияны тимейтін, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекші роботтарды жарыққа шығарсақ деген ниет бар, – деді Механизмдер және машиналарды дамыту халықаралық федерациясының президенті Андрес Кескемети.

Оқи отырыңыз: KazAtomExpo: АЭС-тың құрылысына ұсынылған жобалар таныстырылды