|
24.07.2023 | 20:24
3136

Талдықорғандағы балалар көркемсурет мектебі жабылуы мүмкін

Қалалық білім бөлімі мектепі тек оқушылар сарайына ауыстыру ұсыныс болғанын айтады

Талдықорғандағы балалар көркемсурет мектебі жабылуы мүмкін Almaty.tv


Талдықорғандағы балалар көркемсурет мектебі жабылуы мүмкін. Бұл – Жетісу облысындағы бастауыш кәсіптік білім беретін жалғыз мекеме, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Талдықорған балалар көркемсурет мектебі 1979 жылы құрылған. 40 жыл ішінде мектеп түлектері халықаралық және республикалық байқауларда жетістіктерге жеткен. Бүгінде мұнда 300-ге жуық бала оқиды. Тұғыры биік білім ордасы жабылуы мүмкін деген қауесет көптің назарын бірден аударды.  

– Менің қызым мектеп қатты ұнатады. Біз мектеп жабылуы мүмкін деген хабарды естігеннен кейін, ата-аналармен жиналып келіп отырмыз. Біз қарсымыз. Мектеп білімі өте жоғары, балаларға ол өте қажет, – деді қала тұрғыны Гаухар Қамалбекова.

Ата-аналармен қоса, мектеп ұжымы да білім ордасының болашағына алаңдаулы. 45 жылға жуық тарихы бар шығармашылық мекеме осы күнге дейін 12 мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген. Олардың көпшілігі талантты суретші, дизайнерлер. Сондай ақ 2022 жылы халықаралық деңгейде «көркемсурет мектебінің үздік педагогикалық ұжымы» атағын иемденген.

– Бізді Оқушылар сарайымен біріктіргісі келеді. Бірақ онда оқыту тек шеберлік сипатқа ие. Ал біз 4 жыл мұқият оқимыз, оқу аяқталған соң куәлік алады. Ең бастысы, 4 жыл ішінде студент деңгейінде сурет салады, – деді Балалар көркемсурет мектебінің директоры Ерғали Әбдірасілов.

Ал қалалық білім бөлімі мұның бәрі жалған ақпарат екенін айтады. Көркемсурет мектебін тек оқушылар сарайына ауыстыру ұсыныс болған. Әлі нақты шешім қабылданбаған көрінеді.  

– Мектепті мүлдем жабу деген сұрақ күн тәртібінде болған емес, тек қана оқушылар сарайына қосу мәселесі қозғалды. Дегенмен, мектеп өз жұмысын жалғастырады, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Жасұлан Қанағатов.

Салаға жауаптылар айтуынша, көркемсурет мектебі жабылмайды. Қыркүйек айынан бастап, оқушыларға есігін айқара ашпақ.

Диана Тұрлыбек, Жасұлан Шынкенже, «Алматы» телеарнасы, Талдықорған

Оқи отырыңыз: Балаларды 1-сыныпқа қабылдау қашан аяқталады










Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир