|
18.12.2019 | 20:30
2684

Алматыда «JASTAR INNOVATION-2019» озық жобалар көрмесі өтті

Сайысқа қатысуға 100-ге тарта адам ұсыныс түсірген

Алматыда «JASTAR INNOVATION-2019» озық жобалар көрмесі өтті


Онда жас алматылықтар өздерінің жаңа технологиялар саласындағы жұмыстарын ұсынды. Барлығы сайысқа қатысуға 100-ге тарта адам ұсыныс түсірген. Нәтижеде топ жарған он жеңімпаздың жобасы көрмеге алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құрмет грамоталарынан бөлек қатысушыларға, жекеменшік үздіксіз даму университетіне тегін онлайн оқуға сертификаттар беріліп, тағы 3 қатысушыға өз жобаларын іске асыруға гранттар табысталды.  

«Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастарға қолдау көрсету қоғамдық қорының» ұйымдастыруымен  «Жастар инновейшн» жобаларының көрмесі ұйымдастырылып жатыр.  Бұл бір жылға жуық уақыт аралығында болған сайыс болатын. Бізге 100-ге жуық өтінім түсіп, соның ішіндегі ең үздік 10 номинация бойынша үздік жоба анықталып, марапатталатын болады», – деді «Жастарға қолдау көрсету» ққ төрағасы Бақтияр БАҚЫТКЕЛДІҰЛЫ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир