Алматылық 16 жасар мектеп оқушысы әлемдік кәсіпкерлердің басын қосып, ең алғаш рет бизнес форум ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға қазақстандықтардан бөлек қатысқан әлемге танымал кәсіпкерлер құрметті мейман ретінде өздерінің табыс жолындағы құпияларымен бөлісті. Шараны ұйымдастыруға «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру» қоры мұрындық болған. Талабы таудай баланың алда ел игілігі үшін дайындап жатқан жобалары аз емес.
«Бүгінгі жобамның мақсаты – кәсіпкерлер мен оқушылар арасында еркін диалог алаңын орнату. Бүгін біз 6 мектептің өкілдерін шақырдық. Форумға 200-ден астам адам қатысуда. Соңғы кезде еліміздің экологиясына алаңдаулымын. Қазір осы тақырыпта үлкен жоба әзірлеп жатырмын», – дейді Халықаралық мектептің оқушысы Алан МАШЕН.