ТЖ кезінде мектеп оқушылары ҰБТ-ға дайындық тесттерін тегін тапсырады

28.03.2020 01:35

11-сынып оқушылары testcenter.kz сайтына кез келген уақытта кіріп, емтихандарын тегін тапсыра алады

inbusiness.kz

Төтенше жағдай кезінде мектеп оқушылары Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық тесттерін тегін тапсырады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді 11-сынып оқушылары testcenter.kz сайтына кез келген уақытта кіріп, емтихандарын тегін тапсыра алады. Онда әрбір пәнге 70 бірегей нұсқа енгізілген. Айта кету керек, мұндай жоба Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен еліміздің байланыс операторларының арасындағы жасасқан меморандумнан кейін қолға алынып отыр. 

Осы тұста «Еріктілер жылы» аясында Әділет министрлігі студенттерді қоғамға ақысыз заңгерлік көмек көрсетуге тарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, еліміздің 36 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Осылайша, заңгерлік көмек көрсету үшін еріктілер жұмысына 1500-ге жуық студент пен заң факультеттерінің магистранттары тартылған.