|
18.04.2022 | 20:36
842

Алматыда IT FEST фестивалінің ашылуы өтті

Оза шапқандар үшін қарастырылған жүлде қоры – 6 миллион теңге

Алматыда IT FEST фестивалінің ашылуы өтті Almaty.tv

Алматыда IT FEST фестивалінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – робототехника саласын жетік меңгерген мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы жарыс. Қатысушылар 6 бағыт бойынша бақ сынасады. Бәсекеге толы бұл сайыс апта соңына дейін жалғаспақ. Оза шапқандар үшін қарастырылған жүлде қоры – 6 миллион теңге.  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға жеңілдіктер ұсынылады.

«Мұндай жарыстар өткізудегі мақсат – талантты жастардың бір-бірімен араласуына, өзара идея алмасуына жағдай жасау. Жаңа инновациялар ойлап тауып, күнделікті өмірге енгізудің жолдарын қарастыру керек. Алматыда талантты жас өте көп. Олармен жұмыс істеу керек», – деді Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен 150-ден астам адам қатысып жатыр. Олар мұндай жарыстардың берері мол дейді.


«XXI ғасыр – технология заманы. Біз уақытпен бірге қадам басу керекпіз. Осы өтіп жатқан жарыс уақытпен бірге қадам басуға мүмкіндік береді. Қуаныштымын, осындай деңгейде өтіп жатыр», – деді қатысушы Ержігіт Мырзабаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир