|
12.01.2023 | 20:41
461

Елордада оқушылардың тамағына бөлінген қаражат сыйақы ретінде игерілген

Қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған

Елордада оқушылардың тамағына бөлінген қаражат сыйақы ретінде игерілген inform.kz

Астана қалалық мәслихаты хатшысы Ерлан Каналимов қаладағы оқушылардың ыстық тамағына бөлінген қомақты қаражаттың басқа мақсаттарға жұмсау деректері анықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, мектептегі балалардың тамағына бөлінген қаражатты тиімді иегеруге қатысты мәселе бар. 2021 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд теңге қарасатырылған. Білім беру басқармасы нысандарының шын мәніндегі шығыстары 264 млн теңгені құрады.

«Атап айтқанда, 1,1 млрд теңге білім беру нысандарына берілді. Тиімсіз игеру бойынша айырмашылық 815 млн тегені құрап отыр. Біз жұмысты нақты факті немесе жоспар бойынша атқарымыз ба? Егер қағаз жүзінде 264 млн теңге расталып жатса, онда осы соманы ғана беріп, қалған ақшаны бюджетке қайтару керек. Оған қоса, бірқатар білім беру мекемесінде тамақтандыру бойынша игерілмеген қаражаттың қалдығы бар», - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов елордадағы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.

Осы орайда ол №60 мектеп-лицейі 108 млн теңгені, №37 мектеп – 59 млн теңгені, №72 мектеп-лицейі – 31 млн теңгенің, №22 мектебі 4 млн теңгені бюджетке қайтару керек екенін айтты.

«Игерілмеген бұл қаражатты қайтарудың орнына, олар оны басқа мақсаттарға жұмсаған», - деді Е. Каналимов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған.

«Олар бұл ақшаны сыйақы, үстемеақы ретінде игерген. Біз осында әр тиынды санап отырсақ, аталған нысандарда сыйақыға миллиондап қаражат бөліп жатыр. Сондықтан осы мәселені тексеріп, нақты шара қабылдау керек», - деді мәслихат хатшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерлан Каналимов оқушылардың көбісі мектеп асханасына барғысы келмейтінін айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир