Инклюзивті білім беру: Алматыдағы білім ордасы мерейтойын атап өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мектепте 1500-ге жуық шәкірт тәлім алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыдағы № 49 жалпы білім беретін мектептің құрылғанына 65 жыл. Айтулы мерейтой қарсаңында білім ордасының қызметкерлері оқушылар мен ардагер ұстаздарды қонаққа шақырып, мектептің тыныс-тіршілігін көрсетіп, жеткен жетістіктерін саралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада талантты жастар күйден шашу шашып өнерін паш етті. Сондай-ақ келген көпшілік жақында ғана жөндеуден өткен химия кабинетін аралап шықты. Ал 2011 жылдан бері инклюзивті білім беру бағдарламасы енгізілген білім ордасында бүгінде 1500-ге жуық шәкірт тәлім алады.

Еске салайық, бұл мектептен 1980 жылы өткен жазғы олимпиада чемпионы Шәміл Серіков, 30-дан аса ауған соғысының ардагері түлеп ұшқан.

– Осы мектепте 12 жыл қызмет істеп кеттім. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. Директорымыз Құралай екеуміз ақылдаса келіп, қазақ сыныптарын аштық, – деді зейнеткер Серікбай Құрманғалиев.

– 2016 жылдан бері жетекші мектеп ретінде танылып жүрміз. Оқушыларымыз өсіп жатыр. Listen Study атты методикалық жұмыспен істейміз, – деді № 49 мектеп директоры Жанна Хисамиддинова.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 75 орындық балабақша ашылды

Новости партнеров