Жетісу облысында 75 орындық балабақша ашылды

Almaty.ty
Almaty.ty
Заманауи жабдықталған бөбекжайда 3 топ жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысы Жоламан ауылында 75 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды Almaty.ty тілшісі.

Кербұлақ ауданына қарасты Жоламан ауылында 2,5 мыңға жуық халық тұрады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, заманауи үлгідегі балабақшаға сұраныс көп. Бүлдіршіндерге арналған нысанда 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Ал оның құрылысын жеке кәсіпкерлер жүргізген.

– Аудан бойынша 51 оқу орны бар. Сондай-ақ 51 шағын орталық бар. Онда  25-50 балаға дейін қабылдайды. Аудан бойынша заманауи технологиялармен қамтылған 3 балабақша бар. Төртіншісі бүгін ашылып жатыр, – деді Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов.

Заманауи жабдықталған бөбекжайда 3 топ жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі балаларға соңғы технологиялар мен әдістемелер арқылы тәрбие беру көзделген. Жеке кәсіпкерлер аймақтың көркеюіне үлес қосып отыр.

– 75 балаға арналған үлкен балабақша ашып отырмыз. Әр топта 25 баладан тәрбиленіп жатыр. Сурет салу, би үйірмесі бар. Отыз жыл бос тұрған ғимаратты жөндедік. Алдағы уақытта балабақшаны көркейтіп, дамыта береміз, – деді балабақша директоры Нұржан Мұсабеков.

Ғимараттың іші-сырты толық бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Соңғы талаптарға сай салынған жаңа балабақша бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие алуына мүмкіндік бермек.

Жансая Олжабек, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: ЖРВИ: Алматыда эпидемиологиялық жағдай қалай

Новости партнеров