Іс-шараның мақсаты – ұстаз мәртебесін арттыру
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Менің ұстазым» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы білім басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – ұстаз мәртебесін арттырып, оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа қызығушылығын ояту. Байқау эссе жазу, шығармасын мәнерлеп оқу және көркемсурет өнері сынды 3 номинациядан тұрады. Көркем сурет номинациясы бойынша сайысқа 700 бала қатысып, үздік деп танылған 40 сурет таңдап алынды.
– Жарысқа 40 оқушы аудандардан іріктелініп алынды. Жеке-жеке қазылар алқасы болды, – деді «Алматы дарыны» орталығының әдіскері Гүлнәр Майлыбаева.
Оқи отырыңыз: Үлкендер жолы – ұлылық: ардагер ұстаздармен кездесу өтті