Алматылық Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірнеше жобаны көпшілік назарына ұсынды

Алматылық Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірнеше жобаны көпшілік назарына ұсынды
Дильназ Камалова дәрі-дәрмекке арналған ақылды қобдиша жасап шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрі-дәрмекке арналған ақылды қобдиша, TECO экологиялық сауатты болуға арналған құрылғы, ауаның ластану деңгейін анықтайтын техника. Алматылық Назарбаев зияткерлік мектебінің жас өрендері тағы да көпшілікті таң қалдырды. Отандық жас өнертапқыштардың ноу-хаулары туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Назгүл Әмірбектің бейнематериалында.

Өркениет көші өрлеп барады. Білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, жаңа әдіс, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту жолында жас өнертапқыштардың өмірімізді ыңғайлы етуге қосқан үлесі аз емес.  Дильназ Камалова дәрі-дәрмекке арналған ақылды қобдиша жасап шығарды. Құрылғы қашан, қандай дәрі қабылдау керек екенін айтып тұрады. Жобаның мобильді қосымшасы бар: адам  дәріні қорапқа салған соң оны ұялы телефонына жүктеп, дәріні қабылдау уақыты мен жиілігін белгілейді. Сәйкесінше дәрі ішу керек кезде қобдиша жарқырап, дыбыс шығарып сигнал береді.

«Альцгеймер аурулары бар адамдарға дамытамыз деген оймен осы идеяны тапқан едік. Алайда уақыт өте келе біз хроникалық ауруы бар науқастардың да уақытылы қабылдай алмау мәлесесімен шалдығатынын түсіндік», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, өнертапқыш Дильназ Камалова.

TECO эко-саналы болуға көмектесетін білім беру және ойын-сауық құралы арқылы біріктірілген 3D мобильді бағдарлама. Қосымша ойыншыларға өмірдегі проблемаларды ұсынып оларды шешуге шақырады. Сонымен бірге, пайдалы ақпаратпен алмасады.

«Тесо-ойын түрінде жасалған қосымша. Қоршаған ортаға зиян тигізбеуге және экологиялық сауаттылықты арттыруға арналған. Экологияның негізгі жүйесін түсіндіреді, не жасауға болады, не жасамау керек екенін ескертіп отырады. Планетамызды тазарту және көгалдандыру үшін не істеуге болатынын үйретеді», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, өнертапқыш Любовь Дудченко.

Бірнеше оқушы бірігіп ауаның ластану деңгейін анықтайтын техника жасап шығарды. Бақылау құрылғысы ауадағы әртүрлі газдардың пайыздық мөлшерін анықтау үшін арнайы датчиктерді қолданатын  модель, ол осы деректердің барлығын серверге жібереді де нәтижелерді арнайы веб-сайттан көруге болады.

«Біздер осыны Рдуина системасының көмегімен жасап шығарғанбыз. Рдуина ол кішкентай арзан микро-контролерлер түрі. Осы Рдуин арқылы біздер сенсорларды және уайфай модулін бір-біріне қосып олардың арасындағы қамтамасыз ете аламыз», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, өнертапқыш Жантөре Бисенғали.

«Біздің балалар идеяны ең бірінші проблемадан алады. Мысалы, қазіргі кезде қандай проблемамен кездеседі және сол проблемаларды қалай шешкісі келеді», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің технотория-лабораториясының меңгерушісі Бекзат Инкаров.

Енді жас өрендер екінші жобаға дайындық үстінде, қозғалыс тоқтаған кезде, автоматты түрде өшетін жарықшамдарға арналған техниканы жасауға ниетті. Бұл Алматы қаласы энергиясын 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Назгүл Әмірбек, Арсен Сандыбай, «Алматы» арнасы

Новости партнеров