Қашықтан оқитын оқушылар әртүрлі білім алу сайттарын қолдануға мәжбүр. Сенатор Ольга Перепечина Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, оған бірыңғай білім беру онлайн-платформасының әлі жасалмағаны себеп. Платформаларды бірі тегін қолданса, екіншісі өзге қызмет көрсетушілерден сатып алып отыр. «Күнделік» жүйесі Білім және ғылым министрлігінің жалғыз серіктесі екенін ескеріп, сенатор бұл жүйенің жеке инвестор есебінен толық қаржыландырылатынын атап өтті. Интернет платформалар жұмысының үйлеспеуі және олардың қызметінің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр дейді.
«Күнделік» автоматтандырылған ақпарат жүйесінің қызметін қайталайтын белгілі бір білім беру интернет-платформалары өз қызметтерін бірқатар білім ошақтары мен жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер үшін ақылы негізде ұсынатын практика байқалады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар жүйедегі бірнеше жұмыстың мәжбүрлі түрде бірдей жүруіне байланысты жүктеменің артуына көңілі толмай отыр. Осының салдарынан білім алушылардың оқу үлгерімін нақты бақылау орны да белгісіз», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина.