|
28.01.2021 | 21:34
12082

Ұлттық саябақтағы оң өзгерістер

Іле Алатауы ұлттық паркіне тесілі 35 гектар жер өткен жылдың көктемінде жеке кәсіпкерлерге жалға берілген еді

 Ұлттық саябақтағы оң өзгерістер Almaty.tv

Ұлттық саябақ аумағындағы өзгерістер. Өткен жылы кәсіпкерлер экотуризмді дамытамыз деп, тау маңайындағы бірнеше гектар жерді жалға алған еді. Бүгін қала әкімі Бағытжан Сағынтаев нәтижені көрмекке нысандарды аралауға барды. Одан бөлек, қала ортасында бұрын-соңды болмаған әлемдік стандарттарға сай мейманхана ашылады. Оның басқалардан ерекшелігі қандай? Қаланың туризм индустриясы туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтады.

Іле Алатауы ұлттық паркіне тесілі 35 гектар жер өткен жылдың көктемінде жеке кәсіпкерлерге жалға берілген еді. Аумақты 49 жылға пайдалануға алған инвестор экотуризмді дамытуға ниет  білдіріп, түрлі жобаларын да ұсынды. Соның бірі – Медеу шатқалындағы жаңадан салынған визит орталық. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, мұнда келушілер аз емес. Туристер мен қала тұрғындарына қызмет көрсететін кешеннің жұмысын қала әкімі барып көрді. Демалуға арналған аялдаманың жайлы, ал қызмет сапасының жоғары болу керек екенін айтты.

Демалыс кешені Іле Алатау бөктері маңында орналасқан. Мұндағы тұмса табиғатқа толы көрніс ешкімді бейжай қалдырмайды. Әсіресе, демалыс күні отбасымен бірге тауға шығып серуендеуге таптырмас мекен. Одан бөлек, демалушыларға арналған тамақтанатын терассалар да бар.

Таудың саф ауасымен тыныстауға келушілер бұрын да аз емес еді. Енді тіпті көбеймек. Демалыс күндері орталыққа келетіндер саны бес мыңға дейін жетеді екен. Қала тұрғындары тамаша кешеннің ашылғанына дән риза.

«Біз достарымызбен тауға жиі шығып тұруға тырысамыз. Осында бір апта бұрын келгенбіз. Өте жақсы жер, бізге ұнады. Таудан келе жатқанда кіріп ыстық шәй ішіп, демалуға ыңғайлы. Қазір төменге қарай қайтамыз кері», – деді қала тұрғыны Мерей Қошанова.

Табиғат аясына демалуға барсаңыз туристер мен қала тұрғындарын таң қалдыратын жерлер аз емес. Ұлттық саябақтағы Аюсай шатқалының жобасын сингапурлық архитекторлар дайындапты. WI-FI интернет желісін де тегін пайдалануға мүмкіндік бар. Ерекшелігі  – инфрақұрылым ағаш пен әйнектен, яғни экологиялық материалдардан құрастырылған.  

«Демалуға келген жұрт 4 бағыт бойынша гид көмегіне жүгіне алады. Аюсай шатқалы, Жапон соқпақ жолы, Аюсай сарқырамасына апартын соқпақ жол, Жас қайың соқпақ жолы бойынша маршруттар ұйымдастырылып отыр», – деді жоба жетекшісі Динара Гужавина.

Алматыда әлемдік стандарттарға сай бұрын соңды болмаған 4 жұлдызды мейманхана ашылады. Басты ерекшелігі – қазақтың салт-дәстүрінен сыр шертер мұражай мен ұлттық тағамдарды ұсынатын мейрамхана болады. Бұл өзге елден келген туристерді өз ерекешілігімен тәнті ететіні сөзсіз дейді мамандар. Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қонақ үйдің құрылысымен танысып, алдағы жоспарларын көріп шықты.

«Өздеріңізге белгілі, бұл 1960 жылы салынған бұрынғы Жетісу қонақ үйі. Шетелдік инвосторлармен бірлесіп, бұл жерге күрделі жөндеу жүргізіп жатырмыз. Қала әкімдігімен де қолдау көп, алғыс айтамыз. Қазір мұнда 200-ден астам құрылысшы жұмыс істеуде. Қонақ үй құрылысы біткен кезде 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтимыз», – деді жоба жетекшісі Тілектес Мейріманов.

Одан бөлек, әкім Тимирязев көшесі бойында орналасқан қонақ үй құрылысын барып көрді. 4 жұлдызды мейманхананың ерекшелігі көп. Бір қуантарлығы  – өңірде шетелдік компаниялардан гөрі отандық өндірушілердің үлесі басым. Бұл болашақта жергілікті халық тұрмысының тіктеуіне үлкен ықпал еткелі отыр.  

«Ішінде фитнес, бассейн залдары, люкс және стандарт нөмірлер болады. 200 адамға ресторан және де асхана болады. Барлығы 113 нөмір. Оның 6 нөмірі - люкс нөмірлер. Қалған 107 нөмірі стандарт номер. Толық қолданысқа қыркүйек айы осы 2021 жылдың қыркүйек айына деп ойластырып жатырмыз», – деді жоба жетекшісі Қалдыбек Жантелиев.

Ал, Сейфуллин көшесіндегі бұл қонақ үйдің құрылысы 2018 жылы басталған еді. Мердігер ұйым жұмысты биыл аяқтаймыз деп отыр. «Holiday Inn Express» шетелдік бренд үлгісімен жасалған қонақ үйдің баламасы Ақтау қаласында ғана бар. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласынан да ашылады деп жоспарланып отыр.  

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир