Іс-шаралар 2023 жылғы 8 сәуірге дейін жалғасады
Алматыда "Кәсіптік білім: табысқа жету жолы" атты қалалық жұмысшы мамандығы фестивалі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың 12 000 оқушысы мен 700 колледж студенті 10 күн ішінде түрлі байқауларға қатысып, мамандықтар әлеміне кеңінен бойлайды. Фестиваль соңында іс-шараның түпқазығы болып табылатын "WorldSkills Almaty 2023" VIII өңірлік чемпионат өтеді.
Фестивальдің мақсаты - Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің позицияларын кәсіптік бағдар беру және жұмысшы және орта буын мамандығын насихаттау. Іс-шаралар 2023 жылғы 8 сәуірге дейін жалғасады.
Бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында "ТжКБ беделі" тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс турнирінің тақырыбы - "Техникалық және кәсіптік білім берудің беделі".
Турнирге үш лига енді: қазақ, орыс және ағылшын. Алматы қаласының әр ауданынан әр лигаға бір команда жасақталды. Барлығы қаланың сегіз ауданынан 160 оқушы қатысты.
Бағдарламада басқа да іс-шаралар қамтылды. Оқушылар қаладағы тігін фабрикалары, өндірістік және жиһаз компаниялары, киностудиялар, тамақтану және өсімдік шаруашылығы саласындағы ұйымдар және т.б. базаларына экскурсиялар жасады.
Сондай-ақ 29 наурызда 9 сынып оқушылары арасында алғашқы "JasSkills 2023" қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Байқау WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының ережесіне сәйкес аудандық чемпионаттың сегіз жеңімпазы арасында он құзыреттілік бойынша өтеді.
Оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында 30 сәуірде 9 сынып оқушыларына арналған "Болашақ біз үшін"ғылыми жобалар конкурсы көлік техникасы, энергетика, құрылыс, сервистік қызмет көрсету және т. б. мамандықтары бойынша өтеді.
Спорттық бағытта 31 наурызда 9 сынып оқушылары арасында шағын футбол мен волейболдан қалалық чемпионат жоспарланған. Бұл- қаланың барлық аудандарының және колледждердің 1 курс студенттерінің құрама командалары.
Фестиваль аясында 3 сәуірде 9 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері арасында "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында қалалық КТК өтеді. Сол күні колледждің дарынды түлектері қаланың әр ауданындағы сегіз мектеп базасында 9-сынып оқушыларымен кездеседі. Іс-шара колледжде оқуға деген қызығушылықты арттыруға, түлектердің өз бизнесін ашу жолы мен тәжірибесін көрсетуге арналған.
Колледж қызметкерлері мектеп директорлары мен колледж басшылары арасында "Білім сабақтастығы" тақырыбына дөңгелек үстел жоспарлаған. "Академиялық дербестік" тақырыбы бойынша директорлар мен жұмыс берушілер арасындағы екінші кездесу 6 сәуірге жоспарланған.
Фестиваль соңында 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында жыл сайынғы "WorldSkills International" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Almaty 2023" өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.