Алматыда жастар арасында халықаралық «IT stars -2020» байқауы басталды

almaty.tv
almaty.tv
Екі күнге жалғасатын сайыс онлайн форматта өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жастар арасында халықаралық «IT stars -2020» байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Екі күнге жалғасатын сайыс онлайн форматта өтеді. Жарысқа бас-аяғы 4 мемлекеттен 250-ден аса оқушы қатысып жатыр. Оның 131-і Қазақстаннан. Байқау ақпараттық технологиялардағы жаңа мүмкіндіктер, тың IT жобаларды кеңірек насихаттауды көздейді. Додада медиа байқау, компьютерлік ойын және бағдарлама жасау, жеке жобаларды таныстыру секілді 7 номинация бар. Ал тыңнан түрен салып, байқауда бақ сынап жатқандарды ұйымдастырушылар видео жолдау арқылы құттықтады.

«Сіздерге байқауда табыс тілеймін. Бізге шынында осындай жарыс өте керек. Бұл жастарға білімін шыңдап, өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. Байқауларға қатысып, білімге құштарлығы артқан жастардан ертең маман шығатынына сенемін. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі байқаудың қазылар алқасына жұмыстарына сәттілік тілеймін!»  – деді Қалалық мәдениет басқармасының басшысы  Ернар ҚҰРМАШЕВ.

«IT технологияларды қуып жете алмай келеміз. Қуантатыны, жылдам дамып жатыр. Байқаудың онлайн өтуінің өзі 4 мемлекеттің басын біріктірді. Менің ойымша,  «IT stars -2020» байқауы оқушыларға серпін беріп, кейін тағы басқа да жарыстар өтеді деп ойлаймын», – деді  Линтех интеллектуалды технологиялар зертханасының бас директоры  Юрий АУРЕНИУС(Ресей).

Новости партнеров