Алматы мектептерінде ата-аналардың қонақжай бөлмелері ашылуда

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Басты мақсат – отбасы-мектеп-оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту, ата-анамен жаңа форматта жұмысты жандандыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мектептерінде «Ата-аналардың қонақжай бөлмесі» ашылуда. Бұл білім ошақтарының әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болып отыр. Жоба білім басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері департаменітімен бірлесіп жүзеге асуда. Бүгінде қаладағы 204 мектептің 34-де орталық жұмыс істеп тұр.

«Ата-аналардың қонақжай бөлмесін ашу мақсаты – отбасы-мектеп-оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту, ата-анамен жаңа форматта жұмысты жандандыру. Оқушы мен мектеп және психолог арасындағы байланыстың белсенділігін арттыру болып табылады. Аталған бөлмеде ата-аналар үшін әр түрлі тренингтер, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сонымен қатар, мектеп психологы оқушылармен жекелей тренингтер, жекелей сұхбаттар және релаксация жүргізуге мүмкіндігі бар», - дейді Алматы қаласы №110 мектеп-гимназиясының директоры Жанар АБИТОВА.

«Метрода да «Адал жол» ашылды. Сол сияқты көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. «Адалдық алаңы» деп бекер айтып отырғанымыз жоқ, қаламызда, елімізде бәрі таза болса, жемқорлық болмаса деген ниетпен жұмысты жастардан бастап жатырмыз», - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Серік ПІРІМБЕТОВ.

Новости партнеров