Белгілі этнограф, шығыстанушы Нығмет Сәбитовке 125 жыл

25.12.2020 03:27

Жиын кезінде Нығмет Сәбитовке арналған кітаптың да тұсауы кесілді

Белгілі этнограф, шығыстанушы Нығмет Сәбитовтың 125 жылдығына орай халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымның ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметіне арналған шараға ет жақындары мен тарихшылар қатысса, түркі елдерінің мамандары онлайн байланысқа шықты. Жиын кезінде Нығмет Сәбитовке арналған кітаптың да тұсауы кесілді.

«Бұл ғалым Қазақстанның гуманитарлық-қоғамдық ғылымдарға үлкен үлес қосқан. Әсіресе, шығыстану ғылымын қалаушы деуге болады», – деді тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғали.

«Аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп тірі қалудың өзі үлкен мәселе болған кезде бұл кісі аянбай жұмыс істеді. Мысалы, Абай жайында кімдер зерттеді, қандай жерде қандай еңбектер жарық көрді, шетелде қандай еңбектер жарық көрді солардың тізімін жасады», – деді тарих ғылымдарының кандидаты  Әуезхан Шашаев.