Халықаралық балаларды қорғау күнін Алматы қаласының шығармашыл жастары да ерекше атап өтті. Мерекеге орай «Ұмай» көркемөнер мектебінің тәлімгерлері Алматы музейінде қалың көпшілікке өзі салған 150-ден астам сурет пен кескіндемені ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» деп аталған көрмеге оқу ордасының мұғалімдері мен шаһар халқы қатысып, ең үздік туынды иелерін марапаттады.
Айта кетейік, қазір бұл мектепте 5 жастан 17 жасқа дейінгі 200-ге жуық бала білім алады.
«Тәлімгерлеріміз бұл жұмысты бір жылдың көлемінде жасады. Негізі көрмені желтоқсан, мамыр, тамыз айларында өткіземіз. Ал бұл жолы арнайы осы мерекеге дайындалдық. Өйткені биылғы мейрам ерекше. Соңғы қоңырау мен Балаларды қорғау күні тұспа-тұс келіп тұр. Оқушыларымыз натюрморт, графика, кескіндеме жанрында түрлі тақырыпта сурет салып, қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады», – деді «Ұмай» балалар көркемөнер мектебінің директоры Елена Попова.
Оқи отырыңыз: Балаларды қорғау күніне орай Жетісу ауданында мерекелік концерт өтті