«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл
Қазір онда 9-11-сыныптар бойынша еліміздің барлық өңірінен келген 240 бозбала білім аліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды. Еліміздегі  алдыңғы қатарлы, инновациялық және үлгілі мектептің біріне айналған білім беру мекемесі өзінің алғашқы мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір онда 9-11-сыныптар бойынша еліміздің барлық өңірінен келген 240 бозбала білім аліп жатыр. Бірнеше жыл бұрын Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арыстан» лицейін еліміздегі әскери бейіндегі орта оқу орындарының үздігінің бірі ретінде атап, жоғары баға берген. «Арыстан» лицейінің басшысы, генерал-майор Сәбит Сәуменұлы, басты міндетіміз – лицейліктер бойында  табанды мінез, жоғары мәдениет пен шынайы елжандылық сезімін қалыптастыру дей келе, өз тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтанышпен айтты.

«Балалардың арасында әкесі жоқ, шешесі жоқ, үлкен отбасына тәрбиеленген балалар. Олар жақсы оқу орнына баруына мүмкіншілігі жоқ. Біз оларға көмектесеміз. Қалай болғанда да білім алуына септесеміз. Бір тиын ақша алмаймыз балалардан, өзіміз береміз, өзіміз төлейміз. Тек олардың алдына қойған мақсаты – оқуы керек, білім алуы керек, болашақта әскери адам болуы керек», – деді «Арыстан» лицейінің басшысы, генерал-майор Сәбит Тауланов.

Лицейдің түйінді міндеттерінің бірі – шығармашылық ойлау тұрғысындағы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту болғандықтан, мұнда 13 қосымша білім беру бағдарламасы, 27 шығармашылық үйірме,  қызығушылықтар бойынша әуесқойлық бірлестіктер мен клубтар қызмет етеді.  Осы 10 жыл ішінде лицей қабырғасында  717  жас жігіт оқу тәмамдаған. Осы уақыт аралығында түлектердің 35-і ерекше үлгідегі аттестат алды, 16 адам «Алтын белгі» өңірбелгісімен бітірді, оның 7-еуі бұл құрметті белгіге мерейтой жылында лайық деп танылды.  

«Мен 8-сыныптан кейін конкурс арқылы келдім мұнда. Емтихан тапсырып, физикалық дайындықтан, психологиялық және IQ тестілуден өтіп осында түстім. Дәл осы оқу орнына түсу арманым еді. Кішкентай күнімнен әскери адам болуды қалайтынмын. Өзіме «Арыстанға түсуді мақсат етіп қойдым. Борыш, абырой, ерлік – бұл менің Отан алдындағы парызым», – деді «Арыстан»  лицейінің оқушысы Тимур Түсіпжан.

Новости партнеров