Павлодарлық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Алтын белгіге үміткер, жүзуден Қазақстан чемпионы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарлық түлек Данияр Уәлиев ҰБТ-дан 140 балл алды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл  туралы «Білім-инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Нұрбол Төлебаев өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.

Биылғы оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден алғашқы  боп 140 балл алған Данияр Уәлиев Павлодар қаласындағы ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің  оқушысы. Алтын белгіге үміткер, жүзуден Қазақстан чемпионы.

«Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 алды. Әзірге ресми ҰБТ-дан биылдыққа алғашқы 140.

Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Уалиев Данияр Арманұлы Павлодар БИЛ түлегі. Алтын белгіге үміткер. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше дүркін ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur-Sultan open халықаралық жарысының чемпионы», – деп жазады ол.

Новости партнеров