Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 80 жыл толды

Ботагоз Жокенкызы

Мерейтойға орай ардагер-түлектер мен ұлағатты ұстаздар кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерейтойға орай ардагер-түлектер мен ұлағатты ұстаздар кездесті. Іс-шара университет дамуына зор үлес қосқан профессорлардың өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

"Ол кезде Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті болған, 1971 жылғы түлегімін. Ал 1987 жылы қайтып келдім,  осында қызмет етіп жүрмін. Үйренгенімізді болашақ жас ұрпаққа айтып келеміз", – деді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Ершина.

"Мемлекетімізге, елімізге танымал тұлғалардың барлығы университетке ашылған кезде қолқанат болып, ауыл  қыздарына сабақ берген. Әрі маман, әрі мұғалім, әрі ұлтты тәрбилейтін аналарға дәріс береміз"– деді филология ғылымдарының кандидаты Ләззат Әділбекова.

Оқи отырыңыз: Қызылордалық тұрғындарға экотакси қызмет көрсетеді

Новости партнеров