Қылмыс былтыр Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған
Мектептен қару ұрлаған жігіт сотталды. Білім ордасының мүлкін қолды қылған Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қылмыс былтыр Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған. Мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған мылтықтарды қолды қылған. Күдікті кінәсін толық мойындады.
«Күдікті сейфтің есігін бұзып, оқу-жаттығуға арналған Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтықты қолды қылған. Жалпы шығын көлемі үш жүз мың теңгеден асады», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.
Оқи отырыңыз: Жасөспірім сотталды: Ол алты жастағы қызды қорлаған