Түркістан облысындағы жантүршігерлік қылмыс үшін ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысында алты жастағы қызға азғындық жасаған 14 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жантүршігерлік қылмыс үшін ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот-медициналық сараптама жәбірленуші баланың зорланғанын толық растады.
Естеріңізге салсақ, биыл Бәйдібек ауданында 14 жастағы жасөспірім бірінші сынып оқушысын алдап, елдімекен шетіндегі аумаққа алып барған. Содан кейін оқушыға ойына келгенін істеген. Қыздың қорлық көргенін білген жақындары дереу полицияға хабар берген.
Ал сот процесі барысында айыпталушы жасаған ісіне өкініш білдірмеген.
«Сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс-құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетуімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай дәлелденді», – деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаев.
Оқи отырыңыз: Енді медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтіледі