Мальдив аралдарына бес жолдама: Cosmart дүкендер желісі тұтынушыларын тағы да қуантты

Компания басшысының сөзінше, басты мақсат —  тұтынушыларға жайлылық пен қуаныш сыйлау 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Cosmart дүкендер желісі тұтынушыларын тағы да қуантты. Жыл басында сауда орны Мальдив аралдарына бес жолдама тарту етті, деп хабарлайды Almaty.tv

Алматылық Зәмзәгүл Бұқырова – Cosmart дүкенінің тұрақты тұтынушысы. Ол бұл жерден күнделікті тұрмысқа қолданылатын заттар мен сабыннан бастап, бет күтімі мен сұлулыққа арналған өнімдерді сатып алады. Былтыр күзде қызы екеуі 6 мың теңгеден асырып сауда жасап, байқауға қатысуға бел буған. Бірнеше ай өткен соң «Мальдив аралдарына жолдама ұттыңыз» деген хабарлама алыпты.

«Алғаш естігенде сенген жоқпын. Неше түрлі алаяқтар бар, қорқамыз. Тұтынушыларына көңіл бөліп, жақсы сыйлық таратып жатыр. Болашақта дүкеннің қодаушылар көп болсын! Оларға сертификат сыйлап, қуанта берсін!», – деді қала тұрғыны Зәмзәгүл Бұқырова.

Компания басшысының сөзінше, тұтынушыларға жайлылық пен қуаныш сыйлау — Cosmart-тың басты мақсаты. Дүкен ай сайын бағалы сыйлықтар, смартфондар мен смарт сағаттар, құлаққаптар ойнатты. Оған қатысу үшін дүкендер желісінен 6 мың теңгеден жоғары кез келген тауарды сатып алу қажет. Сонымен қатар 5 түрлі әлемдік демеуші брендтің өнімін сатып алушылар арасында Мальдив аралдарына бес жолдама тарту етілді.

«Жолдама сыйлау жылдағы дәстүрге айналды. Биыл да екі адамдық 5 жолдама сыйладық. 10 бірдей  тұтынушы Мальдив аралдарына саяхаттап қайтады. 5 жұлдызды қонақ үй, ұшып-қону, бәрі – жолдамаға кіреді. Былтыр жеңген тұтынушылар әсерін айтып, риза болған. Біз акциялар мен ұтыс ойындарын ұйымдастыруды әрмен қарай жалғастыра береміз», – деді  Cosmart дүкендер желісінің директоры Рамиль Дыйкамбаев.

Айта кетейік, Cosmart дүкенінің іргетасы 2009 жылы қаланған. Содан бері, компания сұлулық пен күтімге арналған сапалы өнімдерді қолжетімді бағада ұсынып келеді. Бүгінде дүкен сөрелерінде 760-тан астам танымал брендтің 18 мыңға жуық өнімі ұсынылған. Ел бойынша Cosmart-тың 34 дүкені жұмыс істейді, олардың 27-сі Алматыда, жетеуі Астанада орналасқан.

Диана Тұрлыбек, Ялкунжан Ашимжанов

 

 

Новости партнеров