Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті
Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық патформаларда өтед"і, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Құнды жәдігерлер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық – Мемлекет басшысы